• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2050 жылға қарсы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 4,5 есеге өседі – Тоқаев 15.09.2014

«Мақсатқа жету жолында 2050 жылға таман жан басына шақандағы ЖІӨ-ні 4,5 есеге жеткізу қажет, яғни 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін көбейту. Сондай-ақ,ЖІӨ тең жартысын өндіретін  орта таптың санын көбейту жоспарланған», - деді ол.

Оның айтуынша, 2050 жылға қарсы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетеді. 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі  міндеті «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. Қазақстандық қоғамның дамуы мен гүлденуіне бағытталған ұлттық идея.

«Біз Қазақстанды әлемнің қолайлы әрі қауіпсіз еліне айналдыру үшін жұмыс істеудеміз. Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтары – халықтың бірлігі, қоғамның тұрақтылығы, ұлтаралық келісім мен елдің тұрақты дамуы», - деді ол.

Индира Қауметова


Back to the list