• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне өтуде – Қ. Тоқаев (ФОТО) 15.09.2014

«Қазір Қазақстан сапалы даму деңгейіне өтуде, бұл дегеніміз барлық елдің жаңғыртылуына саяды. Мұндай мақсатты міндет біздің еліміздің осыған дейін бағындырған жетістіктерінің жалғасы болып есептеледі», - деді Сенат төрағасы.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев біздің ел халықаралық дағдарыс кезеңінде тұрақталықты сақтап қалғанын атап өтті.

«Соңғы 13 жыл ішінде Қазақстан экономиканың жоғары өсіміне ие, ол әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. 2007-2009 жылдары  әлемдік дағдарыс кезінде де Қазақстан заманауи реформалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында тұрақтылығын сақтап қалды», - деді ол.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы 2014 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 5 пайызды құрағандығын айтып өтті.

Индира Қауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list