• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның бәсекелестігін арттыру  жоспары 5 бағыт бойынша  жұмыс істейді 10.09.2014

«Халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позициясын көтеру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында Үкімет  Қазақстанның бәсекелестігін көтеру жоспарының 5 бағытын бекітті:«Макроэкономика», «Институттар», «Бизнес», «Технологиялар мен инновациялар», «Адамдық даму», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, аталмыш жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

«2014-2015  ДЭФ рейтингінің есебі бойынша аталмыш іскер-жоспар белсенділендіріледі. Аталған жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталып, қазан айында бәсекелестік бойынша кеңесте қаралып, бекітіледі», - деді ол.

Сондай-ақ, министрлік басшысы атап өткендей, шара жетекшілігіне министрлер тағайындалды.

«Бұған дейін жетекшілер болып біздің вице-премьерлер тағайындалған болатын, бүгін біз осы немесе өзге бағыттар бойынша министрлерді тіркедік. Шаралар Жол карталары сияқты тапсырылады», - деді ҰЭМ басшысы.

Индира Қауметова


Back to the list