10.09.2014
«Қазақстанның 2014 жылғы ең алдыңғы қатардан көрінген қыры «Еңбек нарығы тиімділігі» (15 орын) мен «Макроэкономикалық орта» (27 орын)», - дейді Е.Досаев.
Сонымен қатар, министр елдің ең кенже қалған тұстарын да атап көрсетті.
«Бірнеше жылдан бері елдің әлсіз тұсының «Қаржы нарығының дамуы» (98 орын +5), «Денсаулық пен бастауыш білім беру» (96 орын+1), «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» (91 орын +3)», - дейді министр.
Оның айтуынша, «Қаржы нарығының дамуы» факторы бойынша банктердің сенімділігі осы саланың дамымауына себеп болып отыр.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында әлемдік деңгейде Қазақстанды төмен түсіріп тұрған фактор «Туберкулезге шалдығу» көрсеткіші, «Туберкулездің кәсіпкерлікке әсері» мен «Орташа өмір сүру деңгейі». Оған қоса бастауыш білім беру деңгейінің де төмен екені анық.
Индира Қауметова