• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 8 ай ішінде  ЖІӨ өсімі 4,1 пайыздан асты – ҰЭМ 10.09.2014

«2014 жылдың 8 айындағы алдын ала болжам бойынша Қазақстандағы ЖІӨ өсімінің көлемі 104,1%-дан  асты. Ал өткен 7 аймен салыстырғанда 0,1% өсімді байқатты. Басты салалар мен олардың өсім деңгейіне тоқталар болсақ, өндірістің физикалық индекс көлемі 99,9%, ауыл шаруашылығы бойынша 102,5%, құрылыста 104,7%, саудада 109,4%, көлікте 107%, байланыс саласында 109,3%», - дейді Е.Досаев.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, өткен айдағы инфляция деңгейі 0,4% құрады.

«Негізгі капиталға инвестиция 105,7 шамасында, алдағы уақытта бұл арта түспек. Өткен кезеңдегі 8 айда жылдық есеп бойынша инфляция деңгейі 5,4%», - деді министр.

Индира Қауметова


Back to the list