06.09.2014
«22 жыл бұрын Қазақстан халқының жан басына шаққандағы ЖІӨ-сі 600 доллар болатын. Осы уақыт аралығында ол 20 есеге өсіп, 12,5 мың долларды құрады. Бүгінде экономиканың көлемі 2 есеге өсті. Орталық Азияға келген 70 инвестиция Қазақстанға келді», - деді ол.
Сондай-ақ, Б. Байбек Президент жаңа Стратегияда 30 дамыған ел қатарына 2050 жылға дейін ену тапсырмасын қойып отырғанын атап өтті. Оған қоса, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 60 мың долларға жеткізу қарастырылған.
«Президент жаңа Стратегияда 30 дамыған ел қатарына 2050 жылға дейін ену тапсырмасын қойып отыр. Оған қоса, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 60 мың долларға жеткізу қарастырылған, демек 35 жылдың ішінде 5 есеге көбею қажет», - деді ол.
Индира Кауметова