06.08.2014
«Біз сатып алуларды электронды түрге ауыстырдық және бұл дұрыс шешім. Бұл өз кезегінде бизнесті жүргізуді және шенеуніктердің қарым-қатынасын жақсартуы керек. Енді мемлекеттік сатып алулардың электронды түрде интернет арқылы өткізілуін соңына дейін жеткізу керек», - дейді Елбасы.
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өзінің есебінде мемлекеттік сатып алулар толықтай электронды форматта жүргізілетінін жеткізді.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз бүгінгі таңда жаңа заң жобасын әзірледік. Ол өз кезегінде мемлекеттік сатып алулар тәртібін жеңілдетеді. Біз қазіргі заманғы барлық стандарттарды мейлінше көп қолдандық. Осы тұрыда бизнестің шығындары азайып, сатып алудағы бәсекелестік артып, әділ жүреді», - дейді ол.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президентінің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.
Мадина Нұрбекова