• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е.Досаев: 2014 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге 500 млрд теңге бөлінді 01.07.2014

«Ұлттық валюта курсына жүргізілген түзетулерден кейін жоспарланған деңгейде инфляциялық процестерді ұстап тұру шаралары қабылданды.Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бойынша Жол картасын орындаудың негізгі нәтижелері туралы айтар болсам, ол былай: жүргізілген Ұлттық валютаның бағамын түзетуден кейін инфляциялық процестерді жоспарланған дәлізде ұстап тұру үшін шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың 5 айындағы қорытындысы бойынша инфляция 4,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының тапшылығына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдарға азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде көп дербестік берілді», - деді Е.Досаев.

Ведомства басшысының айтуынша, экономикалық өсімді сақтап тұру мен қолдауды ынталандыру аясында экономиканың нақты секторларына Мемлекет басшысының тапсырмасымен экономиканы қосымша ынталандыру бойынша Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылғы сәуірде Үкімет Әлеуметтік-экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған бiрiншi кезектегi шараларының жол картасын қабылдады. Ол 10 бағыт бойынша 67 іс-шарадан тұрады. Бүгінгі күні 38 іс-шара орындалып, 29-ы орындалуда, ал 5-уі ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Соңғы 5 іс-шараның орындалу мерзімі - тоқсан сайын және жартыжылдық негізде іске асатын болады, - деді министр.

Камила Амирова 


Back to the list