• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Республикалық бюджетке  2013 жылы шамамен 5,2 трлн теңге түсті – Б.Сұлтанов 11.06.2014

«Қазақстанның республикалық бюджетіне 2013 жылы шамамен 5,2 трлн теңге түсті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,8% артық. Бастапқыда корпоративті табыс салығы айтарлықтай үлкен болды. Осы салық түрі бойынша бюджетке қаражат түсімі 41,6 пайызға артады деп болжанғанымен, экономиканың мұндай қарқынмен өспейтіні анық. Сол себепті бюджетті нақтылау барысында КТС жоспары азайтылып, барлық сала бойынша ол көрсеткіш 14% өсті», -дейді ҚР Үкімет басшысының орынбасары – ҚР қаржы министрі Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам кәсіпкер жалпы құны 28 млрд теңгеге субсидия алды. Ал олардың КТС 17 млрд теңгені құрады.

«Еркін экономикалық аймақтан түсім көлемі 35% артты. ҚҚС жоспары 7,3% пайыз артығымен орындалып, 91 млрд теңгеге көбейді. Ал республикалық бюджет шығыны 5 трлн 91 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардың 99,3%-ына тең», - дейді ол.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Кедендік одақ елдерінен баж салығы жоспардағыдан азырақ түсті. «Алайда соңғы төрт жылдық көрсеткіш жаман емес. Яғни 97 млрд теңгені құрайды», - дейді Б.Сұлтанов.

Жалпы, 2013 жылғы кірістің орындалуы бірқатар факторларға байланысты болды. Атап айтар болсақ, олар экспорт баж салығының артуы, металл бағасының төмендеуі, ҚҚС қайтаруын бақылауды күшейту, салық процедураларын қысқарту. 

Камила Амирова 


Back to the list