• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШОБ алдағы уақытта дамудың  жаңа серпініне ие болады - ЭБЖМ 11.05.2014

ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астанада өткен жыл сайынғы Азия даму банкінің басқарушылар кеңесінің 47-інші отырысы мемлекетімізбен аталмыш қаржы институты арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін берді.

Төрт күн бойы ондаған мемлекеттің өкілдері аймақтардағы жағдайымызды, әлеуметтік даму және басқа да мәселелерді талқылады.

Дәстүр бойынша осындай шараларда түрлі маңызды келісімдерге қол жеткізіледі. Осы ретте Қазақстан тарапы түйіткілді түйіннің түйінін тарқатты. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Азия даму банкінің президенті  Такехико Накао  ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен ортақ қаржыландыру туралы шектелмелі келісімге қол қойды.  

Ал, ортақ қаржыландыру былай жүзеге асырылады: жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан  5,5 миллиард доллар (1 триллион тенге) бөледі. Өз кезегінде АДБ  елге тағы да  1,6 миллиард қарыз береді. Ол да индустриальдық саясатты, шағын және орта бизнесті, банктік секторды қолдауға бағытталады.

«Оның жұмыс істеу тетігі - АДБ Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымақтастық аясында түрлі жобаларды әзірлейді. Ол жобалардың белгілі бюджеті бар, оның жартысы АДБ бөлген қаржылардан, жартысы, Қазақстан бюджетінен ортақ қаржыландыру есебінен бөлінген қаржылардан құралады,-деп түсіндірді Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ департаменті директоры Клаус Герхауссер.

 

 

 

 


Back to the list