• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  көптеген көрсеткіштер  бойынша  үздік  30-дыққа енеді – И.Линн 03.05.2014

«Кітапты жазу барысында біз Қазақстан Президентінің кейбір сөздерін басшылыққа алдық. Оның айтқандарына жақсылап үңілетін болсақ, онда тек қана мемлекеттің әлемнің ең алдыңғы қатарлы 30 елінің тізіміне енумен шектелмей, сонымен қатар адамдардың өмір сүру деңгейінің артуы, жасыл даму мен институциялды даму салаларын байқар едік», - дейді И.Линн.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан жаһандық даму индексінде қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы 30-дыққа еніп тұрғаны анық.

«Көз салып қарайтын болсақ, халықаралық индекстер мен жаһандық көрсеткіштерде мемлекеттердің ЖІӨ көлемі  мен кіріс көрсеткішінің өсімі  ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір сүру деңгейінің , білім беру мен денсаулық сақтау салаларына да маңыз бөлу керектігі байқалады», - дейді ол.

Й.Линнің ойынша, көрсеткіштерді былай қойып, ең алдымен шын мәнісіндегі жағдайды арттыру керек.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бүгін Азия даму банкінің басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отырысы өтіп жатыр. Шара 5 мамырға дейін өтеді. 

Бауыржан Мұқанов


Back to the list