02.05.2014
«Қазақстан 2050» Стратегиясына жету жолын қарастыруға бағытталған бұл кітапты дайындау барысында біз Қытай, Үндістан, Бразилия мен Мексика секілді елдердің тәжірибесіне зерттеу жасадық. Бүгінде көріп отырғанымыздай, нарық соңғы кездері айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. 40 жыл бұрын дамушы елдердегі кедейлік деңгейі 59 пайызды құрайтын болса, бүгінде бұл көрсеткіш едәуір төмендеді. Дегенмен әлі де болса, үлкен елдерімен салыстырғанда дамушы елдердің жағдайы жер мен көктей», - дейді Хариндер Коли.
Оның айтуынша, қазіргі таңда әлем өндірісінің тең жартысын осы дамушы елдер өндіруде. Бұрынғы аштық, кедейілік пен ауру-сырқау азайғанымен, оның толықтай жоғалып кеткенін айта алмаймыз.
Сонымен қатар оның айтуынша, бүгінгі таңдағы дамушы елдердің басты мәселелерін бес топқа жіктеп қарауға болады.
«Дамыған елдердің бәріне ортақ басты проблемаларды 5 топқа жіктеп қарастыруға болады. Олардың қатарында адамдардың өмір сүруінің төмендігі, мемлекеттер экономикасның ресурсқа немесе өзге де кірістерге тәуелділігі, адамдардың өмір сүру стандартының артуы, бай мен кедейдің айырмашылығының жоғарылығы және мемлекеттер мүдделеренінің бір-бірімен үйлестіріліп, бейбіт түрде бірге жұмыс істеуі», - дейді ол.
Бауыржан Мұқанов