• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Йоханнес Линн Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына ену сценарийі туралы баяндады 02.05.2014

«Бүгінгі жұртшылық назарына ұсынылып отырған кітаптың басты мақсаты – 2050 стратегиясының  қаншалықты қолжетімді екенін анықтау болып табылады. Бұл өте күрделі жұмыс. Сонымен қатар, ұзақмерзімді жоспарды болжау жұмыстары белгілі бір деңгейде күтпеген қатерлер мен төтенше жағдайлардың туындауын ескеруді де талап етеді. Осы орайда Қазақстан болашақта аталмыш мақсатқа жету жолында күтпеген кедергілерге де дайын болуы керек», - дейді Й.Линн.

Оның айтуынша, сарапшылар мен құзіретті тұлғалар диалогқа көңіл бөліп, дер кезінде баламалы шешімдер қабылдай білгені жөн.

«Әрине, әлдебір мақсатқа жету жолында көптеген экономикалық және саяси кедергілердің көлденеңнен шығары анық. Бұл жағынан Қазақстанға жаһандық тәжірибе көмекке келмек. Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру мен мекемелердің қызметін жақсарту үшін қоғамда институциялды даму қажет», - дейді ол.

Оның мәліметінше, қоғамның институциялды дамуының бес бағыты бар.

«Қоғамның институциялды дамуы үшін төмендегі бес принципті ұстану керек. Олар: мемлекеттің экономикаға катысуын арттыру, азаматтық мемлекет құру, жемқорлыққа қарсы күрес, транспареннттікті  арттыру, яғни заңға бағыну мен орталықсыздандыру», - деді ол. 

Бауыржан Мұқанов


Back to the list