26.04.2014
Тоғызыншы қадамда тарифтік саясатты қалыптастыру және бәсекелестік қарым-қатынасты дамыту көрсетілген.
Сонымен, шілде айында табиғи монополиялар саласы бойынша 2020 жылға дейін тарифтік саясат бағдарламасын қабылдау көзделген.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін табиғи монополиялар саласының реттелетін қызметтерін бәсеклестік ортаға шығару бойынша кешенді сараптама жүргізу бойынша шаралар жоспары жасақталады.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2014 жылға арналған бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық шаралардың Жол картасын 2014 жылдың 14 сәуірінде мақұлдады.