22.04.2014
Үкімет жол картасының екінші қадамы – бұл экономикалық өсім мен экономика секторын қолдау. 1 маусымға дейін Үкімет индустриялды жобалардың жетістіктерін қарастырып, үдемелі-индустриялды инновациялық даму бағдарламасының 2015-2019 жылға арналған даму жоспарын құрастыруы тиіс.
Айта кетейік, ҚР әлеуметитік-экономикалық жол картасының жобасы Үкіметпен 2014 жылдың 14 сәуірінде мақұлданған болатын.
Жол картасының тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Стратегиясының 2050 жылға дейінгі дамуын жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына енуі мен 2050 жылға дейінгі даму жоспарымен тікелей байланысты.