• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР  Жол картасының әлеуметтік-экономикалық даму жобасы мақұлданды 15.04.2014

Жобаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев таныстырды. ЭБЖМ басшысы хабарлағандай, «Жол картасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының негізгі талаптарын, Қазақстанның 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің ішіне ену бойынша Тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған».

Жол картасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми  порталы хабарлады.  Ол - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру мен экономиканың нақты секторын қолдау, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистикалық инфрақұрылымдарды әртараптандыру, қаржы жүйесін дамыту және банк секторын сауықтыру болып табылады.

Мұнымен қатар, Жол картасы жекешелендірудің екінші кезеңін және «Халықтық IPO» бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырады.

Е.Досаев атап өткендей, осы жылдың 15 сәуіріне дейін Үкімет шағын және орта бизнес жобаларын Ұлттық Қордан қаржыландыру бойынша іс-қимыл жоспарын қабылдайтын болады. 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін «Бәйтерек» Ұлттық холдингі екінші деңгейлі банктерге қаржы орналастыруға кіріседі.

Жекешелендірудің екінші толқынының басталуы мен «Халықтық IPO» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесіне қатысты, ЭБЖМ басшысы, осы жылғы сәуірде жекешелендірілуге тиісті, квазимемлекеттік секторлар ұйымдары тізімінің анықталатынын хабарлады.

Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Б.Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» Қоры басқарма төрағасы Ө.Шөкеев сөйледі.

Талқылау қортындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

 

 

 

 

 

 


Back to the list