• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада БҰҰ ДБ адами даму туралы баяндамасы таныстырылды 08.06.2017

Баяндамалар адами даму саласындағы қысқаша шолулар желісінен тұрады.

Сонымен қатар, Адами даму туралы ұлттық баяндама Қазақстандағы субұлттық, аймақтық дамуға баға береді. Бұл дегеніңіз дені сау өмірді, кез-келген жастаға адамдар үшін бақуаттылықты, барлығына бірдей сапалы білімді қол жетімді етуді,  елді мекендерде білім алуға жағдай жасауды, өмір сүруге бейімделген инфрақұрылымдарды құруды білдіреді.  

Сонымен, Еуропа мен ТМД елдері бойынша БҰҰ ДБ аймақтық бюросының аға кеңесшісі атап өткендей, адами даму саласында Қазақстанның жарқын болашағы көрінеді, алайда ол үшін әлеуметтік экономикалық саладағы түйінді  түйіткілдерді тарқату керек.

«Бастасы Қазақстанда даму деңгейі өсіп келеді, әрине ол баяғыша деңгейде емес. Бұл өз кезегінде экономикалық белсенділіктің бәсендеуімен, яғни мұнай бағасымен байланысты шығар. Осыған қарамастан мен адами даму саласындағы Қазақстанның жарқын болашағы көріп отырмын», - деді  Б. Слэй журналистерге.

Ақбота Күзекбай


Back to the list