29.12.2014
«Тәуелсіздік – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз» деген жүрек тебіренісіне қалайша тәубе демеске.Шынында еліміздің Тәуелсіздігін алған азғантай жылдар ішінде әлемге әйгілі елге айналуы тектентек болмаса керек»,- Б.Көштаев.
Осы жылдарда елімізде қаншама қыруар істер атқарылып, елхалықтың еңсесі тіктелді. Кешегі кеңес үкіметі кезінде басшылық қызметте болғандықтан өткен жылдардың соқпақты кезеңдері менің көз алдымда көлбеңдей тұрады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп орындары жарыса жабылып, ауылдағылар абдырап, жұртшылықтың қиындық көргені ащы да болса ақиқат. Жоғарыда айтқандай, Елбасымыздың сарабдал саясаты арқасында еліміз еңсесін қайта тіктеп, ауқымды істер атқарылып, асулар алынды. Сыр аймағы да адам танымастай түрленді. Кіші Арал теңізі қайтып келді. Қаламыз көріктеніп, ауылдарымыз ажарланды. Егін шаруашылығы өркен жайып, ата кәсібіміз – мал шаруашылығы да молшылықтың қайнар көзіне айналды», - деді ол.
Соңғы кезде «СексеуілЖезқазған» темір жолы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралы, “БейнеуБозойШымкент” магистральды газ құбыры салынуы айтқан сөзімізге айғақ болса керек. Елбасымыздың Жолдауындағы “ҚарағандыЖезқазғанҚызылорда” автожолы құрылысының басталатындығы жайлы байлам бізді, сырбойылықтарды қуаныш құшағына кенелтіп отыр. Елбасымыз тәуелсіздік толғауында айтқандай, табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз, ағайын!