23.12.2014
«Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік туралы сөзін» үлкен ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысы халықтың тарихи таңдауын, еркін, егеменді елде сеніммен келісімде өмір сүру таңдауын ерекше атап өтті. Біз Қазақстанның тәуелсіздікті алуы тарихи әділдіктің ұлы белгісіне айналғанына сенімдіміз», - деп ағынан жарылды Ю. Денисенко.
«Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығы» ЗТБ директоры атап өткендей, қазақ халқы тәуелсіздік ала отырып Рухани күштің сарқылмас қайнар көзіне ие болды. «Қазақстан Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары ауызбіршілікте өмір сүріп және дамып келеді», - деді ол.
Ю. Денисенконың айтуынша, Қазақстанның күллі халқы ел үшін шешім қабылдауға, қасық қаны қалғанша оны қорғауға әзір. «Бабалардың ерен еңбегімен қол жеткізілген егемендіктің іргетасы берік және шайқалмастай мықты екеніне сенімдіміз», - деп түйді Денисенко.
Индира Кауметова