22.12.2014
«Қазақстан егемендігінің, Президент өз сөзінде айтқандай тәуелсіздігі сөзінің жұлдызы жарқын. Рухы биік Көшбасшысыз Қазақстан сол алмағайып 90-жылдары аяғынан тұрып кете алмас еді. 23 жыл тәуелсіздік - ол шын мәнінде төзімділікті текесеретін сынақ және оны Қазақстан абыроймен өткізді», - деп бөлісті Ю. Денисенко.
Сонымен қатар, оның пайымынша, бүгінде елімізде экономикаға қаржы салудан басқа, әлеуметтік салаға да айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Жаңа мектептер, ауруханалар, үйлер мен жолдар салынуда. Бүгінде қалаған азамат лайықты білім ала алады. Алайда, Тәуелсіздіктің басты жетістігі - тұрақтылық пен келісім. Осы ретте Данисенко мысал ретінде 130-дан астам этностың басын біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясын келтірді.
«Елбасы атап өткендей, келер жылдар барлық мемлекеттер үшін оңайға соқпайды. Ол белесті мықты және ынтымағы жарасқан мемлекеттер ғана бағындыра алады. «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының басты принциптері біздің қоғамдағы ұлттық бірлік пен келісім, бұл өз кезегінде әр адамның өзінің және мемлекеттік өміріне жеке жауапты екенін айтады. Осы идеяны ұстана отырып біз Отанымыздың жаңа белестерді бағындырып, асулардан асуына көмектесеміз. Отанымыз - Қазақстанды дамытып жетістікке жетуіне жағдай жасаймыз», -деп толықтырды Ю. Денисенко.
Индира Кауметова