21.12.2014
«Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астанада өткен салтанатты жиында Тәуелсіздіктің Қадір қасиетіне, елдігіміз бен ерлігімізге ерекше тоқталып, болашаққа тәубе деп тәукелдікпен қадам басқанымызды жеткізді.Елбасы айтқандай, расымен де біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Бүгінде осы бақ басымызға орнап, дамудың даңғыл жолына түстік. Әлемді дағдарыс жайлаған уақытта өзіміздің жаңа экономикалық саясатымызды құрдық. Сол арқылы кемел келешекке бой түзедік. Бұл да болса, біздің зайырлы ел екеніміздің бірденбір белгісі», - деді А.Жұмабаев.
Ол атап өткендей, «тағы бір нақты дәлел ретінде жуырда жолданған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының бүгінгі бастамасын айтуымызға болады. Себебі, Елбасы құттықтау сөзінде «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты жаһандық сынқатерлерге лайықты жауап екенін, сонымен бірге, лайықты еңбекпен қамтудың, еңбек өнімділігі мен халықтың әлауқатын арттырудың берік кепілі, сондайақ, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер екенін атап өткен болатын. Сонымен қатар, қазақстандықтардың қазіргі буынының еңбегі ел тарихында айрықша орын алатынына басты назар аударды».
«Шынында да, осындай тарихты жасаған қазақ елі озып қана қоймай, әлі талай белестерді бағындыратыны анық, оған сенімім мол. Айта кету керек, алдағы жылы Елбасы жүктеген міндеттерге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы өтеді. Бұл да ел бірлігі мен татулығының, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбіт келісім мен бауырластығының айқын көрінісі. Олай болса, барлық жанға пана болған, егемендігімен ерен тұрған қазақ жұртының мәртебесі әрдайым биік, тәуелсіздігіміз баянды болғай», - деді ол.