• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздік -  халқымыздың  ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестердің жемісі 19.12.2014

«Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз», - деді ол.

Тәуелсіздік жылдары – әрқашан біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас бөлігі болып қалады, деді ол.

«Біздің халқымыздың барша тарихы – ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестерге толы тарих.Бүгін біз халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақтанышпен айтамыз», - деп атап өтті Т.Оспанов.

Оның айтуынша, «біз экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсеріп, мемлекеттік басқаруға деген қабілетімізді дәлелдедік, демократияның берік негіздері мен өз дипломатиямызды құрып, бұл ретте мәдениетіміздің төлтумалығын және өз тарихымызға деген құрметті сақтай білдік».

«Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасылық орында тұр және жоғары қарқынмен дамуын жалғастырып келеді. Қазақстан бүгінгі таңда – халықаралық қоғамдастықтың толыққанды, құрметті де беделді мүшесі», - деді ол.

«Халықаралық мәртебелі ұйымға төрағалық ете отырып отырған Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл-Елбасымыз, ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығының, көрегендігінің арқасы деп толық сеніммен айта аламыз», - деп толықтырды өз сөзін.

 


Back to the list