18.12.2014
Басылымның арнайы санына Қазақстанның жетістіктері, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары, «Экспо-2017» көрмесіне елдің дайындығы және елдің елордасы Астананың ерекшеліктері туралы мақалалар мен ақпараттық-танымдық материалдар кірген.
Мақалалардың басты тақырыбы – Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері.
Газеттің нөмірі ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауы «Нұрлы жолдың» негізгі қағидалары және де Елбасының сөйлеген сөздерімен басталады.
Келесі тарауларда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың, саясаттанушылардың, академиялық қайраткерлердің және басқалардың мақалалары жарияланып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері, Қазақстанның даму бағдарламалары, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық іс-шаралары, елдің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге әзірлігі және т.б. мәселелер жоғары бағаланды.
«Қазақстан – өңірдегі тұрақтылық пен дамудың символы болып табылады. Түркияның басшылығы Қазақстанның ел ішіндегі жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен интеграциялық үдерістерді жоғары бағалайды. Түркияның 11-ші Президенті Абдулла Гүл құрметті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі әлемінің көшбасшысы деп бекер емес атады», - деп белгілі саясаттанушы А.Билижи айтты.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық тақырыбы арнайы санның бөлек тарауында орын алды. Көрмені ұйымдастыруға үміткерлігін ұсынған белгиялық Льеж қаласының орнына, баламалы энергия көздерін және «жасыл» технологияларды қамтитын «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен шыққан Астананың таңдалғаны аталып өтуде.
«Газеттің редакторлары Қазақстанда қызмет етіп жатқан қазақ-түрік университеттер мен лицейлердің маңызды рөлін атай отырып, білім беру саласы бойынша қазақ-түрік ынтымақтастығына ерекше назар аударды», - делінген хабарламада.
«Заман» газеті Түркияның ең көптаралымды басылымы болып, күнделікті негізде 1 млн. даналық таралыммен ерекшеленеді. Газет Түркияның жалпы аумағы бойынша, сонымен қатар Америка, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдерінде таратылады.