17.12.2014
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлем танитын мемлекет болып қалыптасты. Қазақ халқы тәуелсіздіктің қадірін ерекше біледі. Бүгінгі мереке сіз бен біздің және тұтас ұлттың арман еткен күні», - дейді академик.
Оның айтуынша бүгінде Қазақстанды әлем елдерінің мойындап отырғанын былай қойғанда, мұхиттың ар жағындағы Америка мемлекеті елімізді стратегиялық әріптесіміз деп таниды. Ал Еуропа елдері Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін мойындайды. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бізді көшбасшы тұтады.
Бауыржан Мұқанов