17.12.2014
«Биыл қасиетті тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылын тойлағалы отырмыз. Бұған жету оңай болған жоқ. Осы жолда небір қиындықты бастан кештік. Талай қан шашылып, талай жан қиылды. Талай батырлар мен хандардың жаны осы жолда құрбан болды. Біз тәуелсіздің алдындағы елең-алаңда, тәуелсіздің жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде Елбасының жанында жүріп барлығын көзімізбен көрген адамдармыз. Сол кезде мемлекетті қалай орнатады деп іштей ойлайтынмын. Бірақ аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан қуатты мемлекетке айналды», - деді М.Жолдасбеков
Елбасы тәуекел етіп тәуелсіз Қазақстанның тағдырын өз қолына алды. Қазақтың есіктегі басын бүгін төрге жеткізді. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастырып, экономикасын қалыптастырып, оны дамытып, өзінің елін әлемге танытып, дүние жүзінің қауымдастығына мойындатып, әлем мойындаған өзінің стратегиялық жоспарларын жариялады, деп сөзін түйіндеді ғалым.
Бауыржан Мұқанов