17.12.2014
«23 жыл тарих санауымен аз ғана уақыт. Алайда, 23 жылда Қазақстанның жеткен жетістігіне кейбір елдер жүз жылдан кейін жетті. Мен қазақстандықтарға тыныштық тілеймін. Жақсылық, бейбітшілік, көк аспанның астында тек бірлікте ғана өмір сүруді, әр отбасыға береке тілеймін», - деді Э.Омуралиев.
Елші атап өткендей, 20 жыл ішінде Қазақстан ЖІӨ бірнеше есе өскен елге айналды. «Қазіргі таңда елдің экономикасында терең реформалар орын алуда. Бұл болашақтағы дамудың серпіні деп ойлаймын», - деді ол.
Индира Кауметова