16.12.2014
«Қабылдау барысында біздің елдің жеткен негізгі жетістіктері туралы бейнебаян көрсетілді. Оның ішінде «Нұрлы жол» Жолдауының жариялануы, ЭКСПО-2017 өткізу, әлемдік және дәстүрлі діндердің V Съезінің өтуі сынды оқиғалар енді», - делінген хабарламада.
Қабылдауға қатысушылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен жүзеге асып отырған игі істерді қолдап, елдің дамуына жоғары баға берді.
Қабылдауға шақырылғандар қазақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, қазақтың ұлттық астарының дәмін татты.