16.12.2014
«Бүгін Қазақстан Еуропа мен Азияны біріктіріп отырған басты ел. Қазақстанның көлік транзиті жоғары, қазіргі таңда жаңа бағдарламалар елдің көліктік транзитін одан әрі жетілдіруде, Әлбетте, бұл сынды елде экономика мен жолдар саласы дамыйтын болады. Егемендік жылдары Қазақстан барлық бағытта көптеген жетістікке жетті. Қазақстандағы ішкі саяси жағдай егемендік жылдары нығайып, тұрақтанды», - деді Елші.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанның болашағы экономикалық әлеуеті жоғары ел ретінде, әрі көлік саласы дамыған ел ретінде әлеуеті жоғары.
«Біздің Қазақстан елімен ынтымақтастығымыз 23 жылмен өлшенбейді. Ол мыңжылдық тарихы бар оқиға, қазақ, қырғыз әрқашан бір-біріне көрші-қолаң болған. Олардың мәдениеті, әдебиеті, тіпті тарих да ұқсас болып келеді. Біздің достығымыз ғасырлар бойы қаланған еңбектің жемісі. Жақында Президенттің іс сапары біздің жақын екенімізді, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қолдауымыз керектігін айқындады», - деді Э.Омуралиев.
Индира Кауметова