• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздіктің келуімен төл өнеріміз тың сипат алды – А.Әшімов 16.12.2014

«Тәуелсіздік күні елге кеңшілік, теңдік берген күн. Біз өнер адамдары бұрынғы қысымнан құтылып, өнердің еркін дамыған уақытына табан тіредік. Тәуелсіздіктің келуімен төл өнеріміз тың сипат алды. Бұрынғы хандарымыз бен билеріміз туралы айтылмай келген дүниелер енді өнерден көрініс таба бастады. Әрине, тәуелсіздіктің өнерге бергені өте көп. Біздің бақытымыз – бүгінгі тәуелсіздігімізге қол жеткізуіміз», - дейді ол.

Оның айтуынша, төл өнерімізде әлі де болса ашылмаған тақырыптар баршылық.

«Сырттан келген өнер ұжымдары бізде қазір ашылмаған тақырыптың көптігін айтып қызығушылық танытады. Батырлар эпосы мен лира-эпостық жырлардың әрқайсысы бір-бір өнер туындысы. Алда тойланғалы жатқан Қазақ хандығының  550 жылдығы да өз алдына үлкен бір туынды болмақ. Қазір біз, өнер адамдары, Президентімізден тапсырма алып, шұғыл осы мәселеге кірісіп кеттік. Міне, еркіндік, тәуелсіздік деген осы!», - дейді А.Әшімов.

Бауыржан Мұқанов 


Back to the list