• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Егемендігіміздің арқасында еліміздің барлық салаларында  жаңашылдық пайда болды –Түсіпбеков 16.12.2014

«Әрине, осы жылдар аралығында Қазақстан халқы талай ауыр күндерді кешіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қиындықтарды жеңе білді. Мұның барлығы Президентіміздің мығым басшылығының, көрегендігінің арқасы деп білеміз», - деді ол.

Қазақстан халқына жолдайтын Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы бүкіл қазақстандықтарға жаңаша серпіліс пен қуат беруде. Президентіміздің биыл жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы елімізді одан әрі дамытуға, өркендетуге негіз болып, экономикалық инфраструктураны нығайтуға, ел мен елді байланыстыруда темір жол, автотранспорт жолдарының құрылуы баршамызға оң ықпалын тигізіп, ерекше әсер етуде, деді ол.

«Егемендігіміздің арқасында еліміздің барлық салаларында жаңа өзгерістер орын алып, жетістіктерге қол жеткізілді. Соның бірі біздің Әділет жүйесінде халықтың құқығын қорғау, оларға әлеуметтік және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары сапалы жолға қойылып, электорндық порталдар арқылы қызмет түрлерін алуға мүмкіндіктер туды.

Әсіресе некені тіркеу, туу туралы куәлік беру, тағы басқа жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға тиісті құжаттар беру үкіметтік портал арқылы жүзеге асырылып, жаңа жүйелер пайда болды. Міне, мұның барлығы тәуелсіздігіміздің жемісі деп түсінеміз.Сондықтан да тәуелсіздігіміздің арқасында жетіп жатқан жетістіктеріміз жыл сайын арта түсіп, еліміз жаңа табыстарға кенеле берсін дегім келеді», - деді ол.

 


Back to the list