• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ю.Тимощенко: Тәуелсіздік күні егемендік пен бірлігімізді көрсетеді 15.12.2014

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні – әрқайсымыз үшін жарқын және өте үлкен мереке. Мемлекетіміздің басты мейрамы. Бұл күн біздің егемендігіміз бен бірлігімізді көрсететін күн», - деді Ю.Тимощенко.

Парламент Мәжілісі депутатының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыруда белсенді жұмыс істеуде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басты жемісі ретінде елдегі бейбітшілік пен келісімді атауға болады. Мемлекеттің ұлтаралық және дінаралық келісім құндылығына ереке көңіл аударып отырғанын байқадық. Бастысы, Ассамблеямыздың төрағалығы Елбасымыздың қолында», - дейді.

Оның айтуынша, Қазақстанда кез келген тілді, соның ішінде әсіресе қазақ тілін меңгеруге барлық жағдай жасалынған. «Қазақстан жиырма жыл бойы мемлекет ақшасына мемлеттік тілді оқытып отырған әлемдегі жалғыз мемлекет. Ешбір елде азаматтардың өз ана тілін үйретуге бұлай ақша бөлінбейді», - дейді депутат.

Камила Амирова


Back to the list