15.12.2014
«Желтоқсандағы мерекелер кезегі, Тұңғыш Президенті күні, Қазақстанның Тәуелсіздігі күні ұлттық болмысымыз бен санамызды, мақтанышымыз бен алға қарай даму қуатымызды шыңдап, ерекше шабыт беретін айтулы күндер. Біздің тәуелсіздігіміз біздің әлемдегі алпауыт мемлекеттердің қатарына кіруімізді талап етпей қоймайды, осы орайда Елбасы артылған сенімді ақтап жатыр. Әрбір қазақстандық тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға жұмыс істеуі керек», - дейді депутат.
Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегі тәуелсіздікке жету жолында айтарлықтай мәнге ие. «Қазақстан Президенті – біздің мемлекеттілігіміздің символы. 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президентімізді сайлаған біздің 16 желтоқсанда тәуелсіздік күнін атап өтуіміз ерекше үйлесімге ие», - дейді.
«Қазақстан халқы тарихы – өзінің егемендігіне жету жолындағы күреске толы. Халқымыздың тағдыры оңай болған жоқ, тәуелсіздікке жетуде небір қиындықты бастан кештік. Соған қарамастан біз бүгін үлкен белесті асып отырмыз», - дейді.
Камила Амирова