15.12.2014
«Біз үшін ең маңызды мереке – Тәуелсіздік күні, оны біздің ата-бабабаларымыз арман еткен. Бүгінгі таңда тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. Қазақстан соның арқасында өсіп, өркендеуде. Қазақстан әлемдік бірлестік ретінде танылды. Республикада бүгінде өте жақсы көрсеткіштер бар – өлім-жітім қысқарды, өмір сүру уақыты ұзарды, халық саны артты. Жетістіктер бар, бірақ біз тоқтамауымыз керек», - деді Ә.Бимендина.
«Нұр Отан» фракциясының депутаты атап өткендей, ҚР Мәжілісінде қаржыландыру мәселесін реттейтін жұмыс тобы құрылды.
«Бүгінгі таңда «Стратегия-2030» жүзеге асты. Алдымызда «Стратегия-2050» жүзеге асыру қарастырылған, оның жемісін жас қазақстандықтар көреді. Мен барлық қазақстандықтарды Президент жүктеген іске араласып, атсалысуларын сұраймын. Бұл біздің жастарға бір шаңырақтың астында тынышытық пен бірлікте өмір сүруге мүмкіндік береді.», - деді ол.
Ә.Бимендина атап өткендей, ҚР Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы әрбір қазақстандықтың қатысуын қажет ететін ерекше саяси мәнге ие.
Камила Амирова