• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Т.Оспанов: Қазақстан мемлекетін құру –тағдыр сыйлаған ұлы бақыт 15.12.2014

«Біз жас ұрпақтың әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарсыз, үйлесімі жарасқан бейбіт қоғамда өмір сүруі үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұрпақпыз.

Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз», - деді ол.

Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол: “Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды”, – дейді.

Оның айтуынша, біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз екенін естерінде ұстаса деймін.

«Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз», - Т.Оспанов.

  Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.

      


Back to the list