• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Тәуелсіздік күніне орай  Польшада Қазақстанның жетістігі таныстырылды 12.12.2014

«Өз құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Ерік Өтембаев мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен бергі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарға тоқтала келе, мерекелі кешке жиналған қонақтарды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаларымен таныстырды», - делінген хабарламада.

Қабылдау шеңберінде Қазақстанның жетістіктері туралы деректі фильмі мен түрлі бейнесюжеттер көрсетіліп, «Қазақстан – тәуелсіздік жылдарында» атты фотокөрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Қазақстан туралы ақпараттық материалдар таратылды. Қазақстандық студенттердің орындауында қазақ ұлттық әуендері шырқалды.

Сейм төрағасының орынбасары Э.Гжешчик, бұрынғы Премьер-министр К.Марцинкевич, бұрынғы вице-Премьер-министр – Білім министрі Р.Гертых, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі С.Гавловский, сенаторлар П.Жентарский мен Г.Войчеховский ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы туралы жылы лебіздерін білдіріп, Елшілік пен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 


Back to the list