• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
12 қазақстандық «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты республикалық патриоттық әндер байқауының  үздігі  атанды 12.12.2014

«Байқау ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени және рухани дәрежесін көтеруге, патриоттық  тәрбиеге, көп ұлтты Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттауға  бағытталды», - делінген хабарламада.

2011 жылдан бастап патриоттық әндердің байқауын ұйымдастыру бүгінде дәстүрге айналып отыр. Ағымдағы жылы патриоттық әндердің бірінші кезеңі Орал, Павлодар және Алматы қалаларында өтіп, оған ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, өңірлердегі мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының қызметкерлері мен өнер ұжымдары қатысты.

Байқаудың қорытынды кезеңі 10 желтоқсанда Астана қаласында өтті, онда 37 ішкі істер органдарының өнерпаздары мен өнер ұжымдары, өңірлік байқау кезеңінен өткен жүлдегерлер мен дипломанттар  өнерлерін көрсетті.

Іс-шараның салтанатты бөлігінде  1, 2, 3-дәрежедегі дипломдар мен бас жүлде, басқа да  ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 «Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы қазақстандықтар үшін бірегей тарихи құжат болып табылады. Патриотизм – ол Отанға деген сүйіспеншілік, оған адал болу, қорғау, оның мүддесі үшін қызмет ету. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің патриоттық сенімдері «Мәңгілік ел» идеясына қолдау болып табылады» – деп гала-концерт барысында ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев атап өтті.

Гала-концерттің тақырыптық бағыты көп ұлтты Қазақстанның  достығы мен бірлігін көрсетті. Қазылар алқасы осындай шаралардың ішкі істер органдары қызметкерлерін патриоттыққа тәрбилеуге өз үлесін қосатынын атап кетті.

 


Back to the list