01.12.2014
«Фильмнің өзі өте қатал. Оқиғаның өзі тек ерлерге ғана тән. Мұндағы актерлердің көбі ер адамдар, олар өзара қарым-қатынаста болып, дауласып, жанжалдасып, достасып жатады. Егер алдыңғы бөлімдермен салыстырар болсақ, мысалы, «Балалық шағымның аспаны» лирико-поэтикалық болып келеді, сосын оның Украинадғы оқыған кезі көрсетіледі, онда да лирикалық элементтер бар. Төртінші бөлімінде лирика аз. Бұл жерде оны жетістікке жеткізген екі қасиеті - жаңашылдығы мен тәжірибесі көрсетіледі. Мен актерлердің барлығы мұндағы рөлдерін сәтті алып шықты деп ойлаймын» - деді Р.Әбдірашев ОКҚ брифингінде.
Ол фильмде екі әйел рөлінің сомдалғанын түсіндірді. Р.Әбдірашев оны кино жобаның «гүлдері» деп атады.
«Бұл картинада бар болғаны 2 әйел рөлі бар. Бұл жас Сара Алпысқызы мен бас кейіпкердің анасы. Мен ойлаймын олар бұл картинаның екі жарқын гүлі деп», - деді ол.
Өз кезегінде фильм түсірілген Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев киноның неге «..» деп аталғанын айта кетті.
«Киноның «Тығырықтан жол иапқан» деп аталуы тектен тек емес. Қандай да бір шешімі жоқ, проблемалы жағдайларда біздің кейіпкерімізге жол тауып шығуға тура келіп жатады. Сонда біздің кейіпкерге қанша кедергілердіен өтуге тура келетінін өзіңіз ойлап көріңіз», - деп атап өтті ол.