01.12.2014
«Бүгін ҚР Президенті күні қазақстандық көрерменге режиссер Р.Әбдірашовтың мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» филмін мақтанышпен ұсынғалы отырмыз. Бұл «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Бүгін әрбір серия –әдбиет, музыкадағы өнер болып табылады. Елбасының көптеген қыры терең зерттелді. Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы жасап отырған фильм мәдениеттегі жаңа серпін болып отыр», - деді ол.
Сондай-ақ, Г.Ахмедьяров атап өткендей, киноэпопея 2011 жылдан бастау алған. «Ол 4 көркем фильмнен тұрады. Фильмдер тең Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, қазақстандық киноның күндері аясында әлемнің 20 елінде көрсетілді», - деді ол.
Вице-министр атап өткендей, бүгін 16:00 «Қазақстан» ОКЗ Елбасының қатысуымен фильмнің тұсаукесері өтеді, ал 4 желтоқсан күні елдің 25 қаласының 50 кинотеатрында көрсетіледі.
Айта кетейік, «Елбасы жолы» киноэпопеясына «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау» бөлімдері енді.
«Тығырықтан жол тапқан» киножобасының түсірілімі 2014 жылдың ақпанында басталды. Фильмге қазақстандық актерлермен қоса ресей кино жұлдыздары Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков түсті.
Елбасының басты рөлін фильмде қазақстандық актер Нұрлан Әлімжанов ойнады.
«Тығырықтан жол тапқан» фильмінде Елбасы Н.Назарбаевтың жұмыс жолы, Теміртаудағы Карметкомбинат-металлургия зауытында партиялық ұйым жетекшілігі кезіндегі өмірі суреттелген.
Индира Кауметова