01.12.2014
«Бұл күні қазақстандық жұрт бір деммен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты таңдап алды. Бұл жеңіс жоғары сенімділіктің, халық жауапкершілігін, қиын шақты тәжірибелі жетекшіге сенетін жоғары талғампаздықты білдірді. Қазақстан бүгінде көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Нұрсұлтан Назарбаевтың сара, сарабдал, салиқалы саясатының арқасында біздің ел этникааралық және дінаралық соғыстан аман қалды», - деді аймақ басшысы С.Кулагин.
Салтанатты шара кезінде Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыруға атсалысқан 15 ақмолалық алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ, облыс әкімі «Нұрсултан нұры -2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
«Бүгін әлемдік қоғам Қазақстанды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен етене байланыстырады. Шығыс пен Батыстың кемеңгерлігін жинап, 20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басында ел тарихында өзіндік рөлі бар биік тұлға ретінде қарастырады. Біздің көшбасшымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт алдына қойған тапсырмаларды жүзеге асыруға жігер береді.Бізде ол мақсатты орындауға барлық жағдай мен мүмкіндік бар», - деді ол.