• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бүгін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойланады 01.12.2014

2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қазақстандықтар осы күнді Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтуде. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні Республика алдындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтуді мақсат етеді.

Мерекені дәл осы күнге қоюдың өзіндік мәні жоқ емес. 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР Президенті лауазымына сайланды. Сайлауға халықтың 88,2 пайызы қатысып, 98,7 пайызбен жеңіске жетті. 


Back to the list