• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
У.Бишімбаев: Н.Назарбаев – қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының  архитекторы 01.12.2014

«Тұңғыш Президент күні – бұл біздің ұлттық мерекеміз, мемлекеттелігіміздің мерекесі. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ мемлекеттілігінің  қалыптасуына қосқан үлесі теңдессіз. Н.Назарбаев – Қазақстан тарихының архитекторы, мемлекеттілік қалыптасуының сәулетшісі», - деді У.Бишімбаев.

Депутат атап өткендей, бұл Президенттің идеялары мен жобалары, бұл жоғары шығармашылық, жігерлілік пен қажырлы еңбек.

«Н.Назарбаев жас кезінен бастап өз ортасының көшбасшысы болды. Оны ұстаздары мен  жақын достары біледі. Бұл біздің Елбасы талантты, жұлдызы жанған жарық тұлға екендігін білдіреді. Оған қоса, оның ақылы мен түйсігі  бірге көрініс тауып маңызды қадамдарды жүзеге асырады. Мені Нұрсұлтан Әбішұлының энергиясы таң қалдырады, оның шығармашылық табысы өте кең, әрі жоғары. Ол кез келген оқиғадан шығатын жолды әдемі іздейді, және ол әрқашан нәтижелі болады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Елбасы уақытынан бұрын халыққа «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. «Бұл Жолдау өзгелерінен ерекшеледі. Біздің мақсатымыз бөлінген қаржыны нақты әрі орынды жұмсау. Біз әрбір жұмсалған теңгені қадағалауымыз қажет. Экономика – бұл саясат», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list