• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаевтың беделін әлемдік сарапшылар мойындады -  Беларусь елшісі (ВИДЕО) 01.12.2014

«Әлемдік қауымдастық Президент Жолдауымен мұқият танысты және сарапшылардың берген бағасы Президент беделінің әлемдік мойындауға ие болғанын, Қазақстан мен еліміздің экономикалық дамуы деп аталатын экономикалық феноменнің тікелей Президент тұлғасымен байланысты екенін білдіреді.  Оның  әлемдік қауымдастықтағы ел ұстанамын нығайтуға бағытталған  сындарлы, төзімді, көпжылдық саясатының арқасында Қазақстан Президенті өз елі туралы Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі, жалпы әлемдегі тұрақты экономикалық базис ретінде айтатындай беделге ие болып отыр», - деп түсіндірді елші.   

«Өндірістік күштерді орналастару көліктік инфрақұрылым дамуының өзара байланысынсыз қарастырылмайды. Сондықтан, әрине, Н.Назарбаев экономикалық тұрғыдан тұрақты әлемнің қалыптасуының негізгі қадамдарын Қазақстан республикасының аумағына ұйымдастырып  отыр», - деп жалғастырды Белоруссия Республикасының Елшісі.

Сондай-ақ, А.Ничкасов ҚР Президентінің өз жолдауында Қазақстанда қалыптасқан және әлі де мемлекеттен қосымша қолдауға мұқтаж шағын және орта бизнес саласын да назардан тыс қалдырмағанын айтты. Ол ҚР Президентінің мәлімдеуінше, жақын жылдардағы қазақстандық экономиканың негізін қалауы керек. 

Индира Кауметова

 


Back to the list