• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Түркия елшісі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады (ВИДЕО) 01.12.2014

«Қазақстан желтоқсан айында қос бірдей маңызды мерекені атап өтеді. Біріншісі Тұңғыш Президент күні болып бекітілген  желтоқсан болса, екіншісі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Егемендігін алған Қазақстан мемлекеті үшін бұл екі мерекенің мәні зор. Барша түрік халқы атынан мен қазақстандықтарды қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - дейді елші.

Түзелдің айтуынша, кез келген мемлекеттің өз тарихындағы даму жолында ерекше қарқын алып, Елбасының халықты биік белестерге бастап өрлеген уақыттары болады. «Н.Назарбаевтың ҚР Президенті болып сайлануы ел үшін осынау даму кезеңінің жарқын үлгісі іспетті. Осы орайда бұл дәуірді мен бір кездегі Ататүріктің Түркия басшысы ретінде сайлануымен салыстырар едім», - дейді Өмер Түзел.

Сонымен қатар, Түзелдің пікірінше, Н.Назарбаевтың көрегендігі мен еліне деген махаббаты болмаса, Қазақстан қазіргі жеткен жетістіктеріне жетуі екіталай еді.

Индира Қауметова


Back to the list