29.11.2014
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің төрағалығымен 1995 жылы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. ҚХА осы уақыт аралығында үлкен белестерді бағындырды. Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеп жатыр. Әрбір облыс орталығында достастық үйлері ашылды. 2015 жылы аталмыш ұйымға 20 жыл толғалы отыр», - дейді Юрий Саяпин.
Оның айтуынша, аталмыш аудандағы Достастық үйі жеті жылдан бері жұмыс істеп тұр. Мұнда мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты шаралар, дөңгелек үстелдер мен түрлі кездесулер ұйымдастырылады.
«Зеленовский ауданындағы Достастық үйі Ресей Федерациясындағы Озинск ауданындағы Достастық үйінің ашылуына үлгі болды. Бұл біздің дана Президентіміздің әлем елдеріне үлгі боларлық істерінің бір бөлігі ғана», - дейді «Достастық үйі» директоры.