24.11.2014
Мәжілістен хабарлағандай, конференция барысында Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясатын талқылау, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестер аясында заңнамалық қамтамасыз ету және парламенттік дипломатияны жандандыру мәселелерін қарастыру жоспарланған.
Шараға қазақстандық депутаттардан басқа Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің парламентшілері қатысады.
Айта кетерлік жайт, 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік мейрам - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні туралы заңды қабылдады, аталмыш мерейлі мерекені жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтудеміз.
Камила Амирова