24.11.2014
«Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар жік-жігімен талданып, нақты міндеттер жүктелді. Отандық білім саласының ең өзекті мәселелерін талқыланғанда, проблеманың бір ұшы апатты мектептер мен үш ауысымдық оқытуға барып тіреліп жатады. Елімізде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында 180-ге жуық апатты мектеп бар. Үш ауысымдық 30-ға жуық мектепте 80 мыңдай оқушы оқиды. Апатты мектептерді және үш ауысымдық оқуды жою сайлауалды тұғырнамада белгіленген болатын. Осы уақыт аралығында аталған мәселені шешу үшін бірталай жұмыс атқарылды. Дегенмен, әбден ескірген, бала саны шамадан тыс мектептер мәселесі түбірімен жойылмады. Елбасының өзі үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейтінін айтты. Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бөлуді тапсыру арқылы білім саласының дамуына жаңа серпін берді», - деді ол.
Ол айтқандай, елімізде жыл сайынғы табиғи өсім шамамен 200 мың адамды құрайды. Жыл сайын жүздеген балабақшалар пайдалануға берілгенмен, әлі де қажеттілікке толық жауап бермей отыр. Бұл ретте Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының тәжірибелерін тарату маңызды.
«Бүкіл әлем бастан кешіп жатқан сындарлы кезеңде, экономикадағы тереңдей түскен дағдарыс жағдайында мемлекет әлеуметтік саланы өз мойнына алып, тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін қарастыруда. Мыңдаған шақырым жол салу арқылы алдымен инфрақұрылымды дамытуды, оған қоса халықты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Біздің елде экономиканы әртараптандыру көршілес жатқан көп елдерден әлдеқайда бұрын басталды. Енді соны тереңдету үшін Ұлттық қордан қаржы бөлінбек. Шағын және орта бизнес мемлекеттің ең маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болғандықтан, ол саланың да өркендеуіне қолдау көрсетіледі», - деді депутат.
Бұл Жолдау – тек 2015 жылдың бағытын ғана емес, алдағы жылдардың бағдарын белгілеген саяси құжат. Оны жүзеге асыру арқылы халқымыздың әлеуметтік ахуалы одан әрі оңалып, экономикадағы тұрақтылыққа қол жетеді, деді ол.