23.11.2014
«Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауы мемлекеттік дамудың жаңа жолына түскенін дәлелдейді», - деп атап өтті Ли Цзыго.
Оның айтуынша, Қазақстанның екі экономикалық пробемасы бар, олар: экономиканың шикізаттық бағыты, яғни пайдалы қазбалар бағасынан тәуелділік. Екіншіден РФ-ға қарсы санкцияларда ҚР-ға, сонымен қатар КО пен ЕАЭО мүше мемлекеттерге кері әсерін тигізуде.
«Осы олқылықтарды ескере отырып Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жолдауында дағдарыс жылдары қалай әрекет ету кеерктігін анық көрсетті. Онда бастысы экономиканың шикізаттық бағытын түбегейлі жою атап көрсетілген. Үкімет 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезіндегідей шара қолданып қана қоймай, экономиканың одан ары дамуына қолдау көрсетеді», деп есептейді шетелдік сарапшы.
Бұдан басқа, Президент өз халқына Жолдауында инфрақұрылым сөзін жиі қолданады. «Қазақстан еуразия құрылығының дәл ортасында орналасқан, оның трансконтиненталды жүк тасымалдау әлеуеті мықты және оның кемшілігі де жоқ емес. Елбасының жолдауы осы мәселені шешуге арналған. Шын мәнінде өте көреген адам ғана дағдарыс жылдары экономиканы дамытудың жаңа жолдарын көре алады», - дейді Ли Цзыго.