22.11.2014
«Біз мемлекет басшысының еліміздің экономикалық әл-аухатына қамқор болып жүргеніне қуанамыз. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Бірінші экономика, содан кейін саясат», деп бірнеше рет айтқан болатын. Біз Президентімізбен келісеміз. Экономикасы күшті болмай тұрып, мықты мемлекет құру мүмкін емес, тіпті халықтың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасай алмайсын», - деп ағынан жарылды колледж студенттері.
Жалпы жастардың айтуынша, Жолдауда білім беру саласын дамытуға жан жақты қолдау көрсетілетіні сезіліп тұр. Сонымен қатар олар, мемлекет «Нұр Жол – Болашаққа бастар жол» жолдауы аясында алдағы көптеген қиындықтарға тойтарыс бере алатынына сенімді.
«Біз осы маңызды құжаттар көрсетілген міндерттерді мен талаптарды орындауға бар күшімізді саламыз. Президенттің Жолдауы жастарға, жас ұрпақ үшін жаңа жетістіктерге жетудің жолын көрсетеді», - деп студенттер түйді.