21.11.2014
Биыл атақты француз режиссері және продюссері Режис Гезельбаштың деректіі фильмдерінің премьералық циклінің аптасы ашылады.
«Маған сіздердің Президенттеріңізбен кездесу бақыты бұйырды. Онымен шектелмей менің туындыларымды да тамашалап шықты. Бұл менің одан сұхбат алған кезімде болды. Мен туындыны оған ұнады деп үміттенемін», - дейді.
Гезельбаш фильмі - Ұлт Көшбасшысы кітапханасымен бірлесіп қолға алынған жоба. Жобаның мақсаты жас мемлекеттің тарихы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихын әлемге таныту.
«Қазақстанға мен алғаш рет 2004 жылы келдім. Ол кезде мен екі елдің бірлесе қолға алған фильміне продюсерлік еткен едім. Кейін 2010 жылы Қазақстандағы діндер туралы деректі фильмге продюсерлік еттім. Бұл халықаралық фестивальдерде ұсынылған ең сәтті жобалардың бірі болды», - дейді Р.Гезельбаш.
Айта кету керек, апта бойы көрермендер Р. Гезельбаштың «Стереотиптер күші», «Мүмкіндік», «Ноу-хау», «Өтпелі кезең», «Негіз», «Білім», «Қозғалыс» фильмдері мен Қазақстан Республикасы Телерадиокешенінің «Тұңғыш тылсымы», «Жасай отырып өмір сүру», «Еуразиялық жоба. Қателесуге құқық жоқ», «Астана: Орындалған арман», «Көшбасшының жасампаздық күші» картиналарын көре алады.
Индира Қауметова