21.11.2014
«Алдымен әлемде болып жатқан түрлі оқиғаларға тоқталған Елбасы сайып келгенде мұның барлығы уақытша әсер ететіндігін айтып, алдағы жылға жаңа жоспарлар құрып, жұмыс бастау керек екендігін түсіндірді. Келе жатқан екі-үш жылдың әлем үшін де, Қазақстан үшін де оңай болмайтындығын ескерткен Елбасы нақты шараларды қабылдап, ауызбіршілікпен еңбек етуге шақырды», - деді ол.
Әр салада болатын жаңалықтарды тілге тиек ете келе ұлттық құндылықтарымыз жөнінде де әңгіме қозғады.
«Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда» деп тәуелсіздігіміздің аса құнды екендігін бір мәрте еске салып өтті», - деді ол
«Алдымызда сан тараулы түрлі жолдар күтіп тұр. Қай нәрсенің де қайырымы болады дегендей бүгінгі жеткен жетістіктерімізге шүкіршілік етіп, бастысы еліміздің татулығы мен бірлігін ту ете білсек, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын», - деп толықтырды өз сөзін.